
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, инженерлік коммуникацияларды қосу мәселелері көтерілді. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі, құрылыс заңнамасын қолдану және т. б. мәселелерге де назар аударылды.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша азаматтарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғындармен жүйелі әрі ашық жұмысты жалғастыруда. Бұл бағытта тұрақты түрде жеке қабылдаулар өткізіліп келеді.