«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

Ақмола облысындағы Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасының сәтті іске қосылуы «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары орындаған кешенді ғылыми-зерттеу және технологиялық жұмыстың нәтижесі. Бұл жаңа өндірістік кешенді жобалау менсалуға негізі болды әрі кен өңдеудің ең тиімді технологиясын анықтауға мүмкіндік берді.

«Aina Resources» ЖШС тапсырысы бойынша «Қазмеханобр» мамандары Ақбейіт кен орнының бастапқы сульфидті кенінің заттық құрамы ментехнологиялық қасиеттерін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-технологиялық жұмыстар кешенін орындады. Зерттеулер минералогиялық, химиялық талдауларды, гравитациялық, флотациялық және гидрометаллургиялық сынақтар мен құрамында алтын бар кендерді өнеркәсіптік өңдеудің технологиялық жүйесін әзірлеуді қамтыды.

Сынақтар кеннің жоғары гравитациялық байытылуын, сондай-ақ оның жоғары флотациялық белсенділігі мен гидрометаллургиялық өңдеудің тиімділігін көрсетті.

Зерттеу нәтижелері бойынша «Қазмеханобр» өнеркәсіпте пайдалану үшін гравитация-флотациялық және гравитация-цианидті екі технологиялық жүйе әзірледі, бүл Ақбейіт кендерінен алтынды тиімді өндіруді қамтамасыз етеді90-92%.

Дәл осы «Қазмеханобрдың» ұсыныстары негізінде, Сингапур инвесторларының қатысуымен «Aina Resources» ЖШС іске қосқан, заманауи алтын өндіру фабрикасы салынды. Өнімнің негізгі түрлері – Доре қорытпасы және флотациялық концентраттар. Жоба қазірдің өзінде 200-ге жуық жұмыс орнын құруды қамтамасыз етті, ал болашақта қосымша 150-200 маманды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Ақбейіт жобасы «Қазмеханобрдың» ғылыми әзірлемелерінің бизнес үшін тиімді өнеркәсіптік шешімдерге айналуының айқын мысалы болды. Жүргізілген зерттеулер құрамында алтын баркендерді өңдеудің оңтайлы технологиясын таңдауға және заманауи тау-кен металлургия кәсіпорнын салудың ғылыми негізін қалауға мүмкіндік берді. Жоба қазақстандық ғылымды, өндіріс пен бизнесті ұштастыра отырып тұрақты өндірістік шешімдер жасауға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және тау-кен өндіру саласын ұзақ мерзімді дамытуға ықпал ететінін айқын көрсетеді.