«Тау-кен металлургия кешеніндегі энергия тиімділігі: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Тау-кен металлургия кешеніндегі энергия тиімділігі: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2026 жылғы 23 маусымда Mining Week Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесі аясында NECC «Тау-кен металлургия кешеніндегі энергия тиімділігі: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің модераторы NECC Энергия үнемдеу саясатын дамыту департаментінің директоры Алма Альжанова болды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының, сарапшылық қоғамдастықтың, салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ энергетика және энергия үнемдеу саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының энергия тиімділігін арттыру, заманауи энергия үнемдеу технологияларын енгізу, энергия тиімділігі жобаларын іске асыру, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға қойылатын талаптардың артуы жағдайындағы саланың даму перспективалары мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар өндірістің энергия сыйымдылығын төмендету, энергетикалық менеджмент жүйелерін енгізу, тәжірибе алмасу және энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары мәселелеріне ерекше назар аударды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және саланың орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи энергия тиімді шешімдерді енгізу мен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.