
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің бастамасымен ведомство қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді.
Турнир командалық рухты нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жарысқа бес команда қатысты: Министрліктің орталық аппараты, Геология комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, сондай-ақ Жер қойнауын пайдалану департаменті.
Турнир қорытындысы:
I орын — Өнеркәсіп комитеті;
II орын — Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
III орын — Жер қойнауын пайдалану департаменті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бұл алғаш рет ұйымдастырылған турнир министрлік қызметкерлері арасында жыл сайын спорттық жарыстар өткізу дәстүрінің бастамасы болды. Алдағы уақытта мұндай жарыстарды жыл сайын өткізу жоспарлануда.