ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері арасында алғаш рет шағын футболдан турнир өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері арасында алғаш рет шағын футболдан турнир өтті

Мемлекеттік қызметші күніне орай 20 маусымдаГеология комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері арасында алғаш рет шағын футболдан турнир өтті.

Спорттық іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасындағы командалық рухты нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Турнирге министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен жасақталған бес команда қатысты:

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Орталық аппараты;
Геология комитеті;
Өнеркәсіп комитеті;
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
Жер қойнауын пайдалану департаменті.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Өнеркәсіп комитеті, ІІ орынды Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, ал ІІІ орынды Жер қойнауын пайдалану департаментіиеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының қатысуымен өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл алғаш рет ұйымдастырылған бұл турнир министрлік ұжымының жаңа корпоративтік дәстүрінің бастамасына айналды. Алдағы уақытта мұндай жарысты жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Бұл бастама қызметкерлер арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, командалық бірлікті арттыруға және салауатты өмір салтын дәріптеуге ықпал етеді.