Вице-министр Қуандық Қажкенов үлестік тұрғын үйлер бойынша проблемалық нысандар құрылысын аяқтау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Вице-министр Қуандық Қажкенов үлестік тұрғын үйлер бойынша проблемалық нысандар құрылысын аяқтау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов үлестік тұрғын үйлер бойынша проблемалық нысандар құрылысын аяқтау және үлескерлердің құқықтарын қорғаумәселелері жөнінде кеңес өткізді. Оған жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан тұрғын үй компаниясының өкілдері қатысты.

Қатысушылар кепілдік жағдайлары туындаған нысандарды, оның ішінде өңірлердегі проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау ісініңқолданыстағы тетіктерін, сондай-ақ азаматтардың қаражатын заңсыз тартудың алдын алу және тұрғын үй құрылысы нарығының ашықтығын арттыру жөніндегі шараларды қарастырды.

Ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, бекітілген жол карталарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және жаңа проблемалық нысандардың пайда болуына жол бермеу үшін алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерде жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды күшейту, проблемалық нысандардың құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру және азаматтардың қаражатын тарту кезінде заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.