Жәннат Дүбірова азаматтарды қабылдады

Жәннат Дүбірова азаматтарды қабылдады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Астана қаласындағы «ӘДІЛЕТ» қоғамдық бірлестігінің Орталық аппаратындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жалдамалы тұрғын үй алу, сондай-ақ құрылыс және жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер бойынша өзекті сұрақтарын көтерді.

Өтініштердің бір бөлігі ұзақ уақыттан бері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана беру қажеттілігіне, сондай-ақ жеңілдетілген несиелеу және жалдамалы тұрғын үй бағдарламаларына қатысу шарттарын түсіндіруге қатысты болды. Сонымен қатар үлестік құрылыс нысандары бойынша проблемалық мәселелер, құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу және жер телімдеріне байланысты даулы жағдайлар мен қала құрылысы жоспарларын іске асыруға қатысты сұрақтар қаралды.

Көтерілген барлық мәселелер бойынша өтініш берушілерге тиісті түсіндірулер берілді. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі халықпен жүйелі әрі ашық жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға, оларды тиімді іске асыруға және халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.