
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Рысдәулетовтің төрағалығымен тұрғын үй қорындағы энергия тиімділікті арттыру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ), Германияның энергетикалық агенттігінің (dena), «Шаңырақ» қауымдастығының, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Тұрғын үйлерде энергияны үнемдеу деңгейін арттыру – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Заманауи шешімдерді енгізу энергия ресурстарын тұтынуды азайтып қана қоймай, азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Мұрат Рысдәулетов.
Кездесу барысында қатысушылар тұрғын үй секторындағы энергия үнемдеу мәселелері бойынша жобалық офис құру перспективаларын, ғимараттарды типологиялау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ тұрғын үйлерді энергия үнемдеу бағытында жаңғыртудың экономикалық тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін талқылады.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылықтарын білдіре отырып, Қазақстанда энергия үнемдеуге негізделген құрылыс саласына қатысты тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстармен алмасты.