
Талдықорған қаласында «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба: іске асыру тетіктері және ақпараттық-коммуникациялық сүйемелдеу» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Кездесу барысында Ұлттық жобаны іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, тарифтік саясат, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ салалық жобаларды қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау тетіктері қаралды. Өңірлерде инфрақұрылымдық бастамаларды тиімді іске асыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Ұлттық жобаны іске асыру су, кәріз және жылумен жабдықтау қызметтерінің сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ коммуналдық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның сәтті жүзеге асуы орталық және жергілікті атқарушы органдардың тығыз үйлесімін, сондай-ақ халықпен тиімді кері байланыс орнатуды талап етеді», – деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов.
Сондай-ақ қатысушылар реформаларды ақпараттық сүйемелдеу және салада жүргізіліп жатқан өзгерістерге қоғамдық сенімді нығайту мәселелерін талқылады.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар Ұлттық жобаны іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.