Құрылыстың цифрлық болашағы: Алматыда buildingSMART Kazakhstan стратегиялық сессиясы өтті

Құрылыстың цифрлық болашағы: Алматыда buildingSMART Kazakhstan стратегиялық сессиясы өтті

2026 жылғы 5 маусымда Алматы қаласында құрылыс саласын цифрландыруды, openBIM дамытуды және құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологияларын енгізуді ілгерілететін ұлттық алаң ретінде «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ базасында жұмыс істейтін buildingSMART Kazakhstan стратегиялық сессиясы өтті.

Іс-шара кәсіби қоғамдастық мүшелерін, buildingSMART Kazakhstan ұйымына мүше ұйымдардың өкілдерін, құрылыс саласының сарапшыларын, білім беру ұйымдары мен технологиялық компанияларды біріктірді.

Стратегиялық сессия барысында buildingSMART Kazakhstan ұйымын дамытудың негізгі бағыттары, кәсіби қауымдастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологияларын (ТИМСО) міндетті түрде қолдану мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында buildingSMART Kazakhstan ұйымының жаңа мүшелерін қабылдауға, қауымдастықтың дамуына елеулі үлес қосқан қатысушылар мен ұйымдарды марапаттауға, сондай-ақ құрылыс саласын цифрландыру бағытындағы перспективалы технологиялық жобалардың бірі болып табылатын Aidan BIM стартапымен таныстыруға ерекше назар аударылды.