ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұжымы «Рәміздер рухы – Конституция күші» республикалық патриоттық акциясына қатысты.

Акция аясында министрлік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, ел тәуелсіздігінің, мемлекеттілігінің және халық бірлігінің басты нышандары саналатын мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимні – еліміздің егемендігін, тарихи жолын, мәдени құндылықтарын және болашаққа деген ұмтылысын айшықтайтын маңызды рәміздер. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – патриотизмнің, азаматтық жауапкершіліктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елімізге тыныштық, халқымызға амандық және Қазақстанның өркендеуі жолында жаңа жетістіктер тілейді.