
2026 жылғы 28 мамырда Астанада «Су объектілеріне жақын жерлерде жер қойнауын пайдаланудың құқықтық және экологиялық аспектілері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, салалық ұйымдардың, сарапшылық және ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Конференция барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру, су заңнамасының нормаларын қолдану, экологиялық қауіпсіздік пен су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын мониторгілеу және дамыту департаментінің директоры Алмас Русланович Кушумов су заңнамасының талаптарын ескере отырып, саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады.
Конференция жұмысына сондай-ақ Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушысы мен Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жер қойнауын пайдалану мен су ресурстарын қорғау саласында теңгерімді шешімдер әзірлеу үшін мемлекет, бизнес және сарапшылық қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті