
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Берлин қаласында құрылыс, жобалау және энергия үнемдеуге негізделген ғимараттар тақырыбында өткен, Қазақстан мен Германия өкілдерінің тәжірибе алмасуға арналған іскерлік басқосуына қатысты.
Бағдарлама аясында қатысушылар Германияның энергия үнемдеуге негізделген құрылыс, тұрғын үй қорын жаңғырту, жылумен тұрақты жабдықтау және қалалық даму салаларындағы заманауи тәсілдерімен танысты.
Сондай-ақ салалық сарапшылармен, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, сәулет және инженерлік компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті.
Энергия үнемдеудің тиімді тәсілдерінің нақты мысалдарына, ғимараттарды жаңғырту мәселелеріне және құрылыс саласына заманауи технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасуға және Қазақстанның құрылыс саласына озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.