
Сямынь қаласында (ҚХР) өткен BRICS-тің "Жаңа өнеркәсіптік революция 2026" форумының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы мен стратегиялық әріптестігі жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы инвестициялық өзара іс-қимыл мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.
ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрінің орынбасары Синь Гобинмен кездесу барысында индустриялық сектордағы озық технологияларды дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Zijin Mining Group компаниясының вице-президенті Цзянь Симинмен тау-кен металлургия кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ терең өңдеу мен геологиялық барлау салаларын дамыту перспективалары қарастырылды. Аталған конгломерат – алтын өндіру бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Қазақстанда компания үшін соңғы 6 жылдағы ең ірі жобалардың біріне айналған бірлескен инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.