
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады.
Жоба қолданыстағы заңнамаға бірқатар нақты өзгерістер енгізуді көздейді және өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған. Сонымен қатар заң жобасы тек машина жасау саласымен шектелмей, жалпы өнеркәсіпті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді қамтиды.
Түзетулер келесі заңнамалық актілерге енгізілмек:
Заң жобасының негізгі бағыттарының бірі – арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс тиімділігін арттыру. Осыған орай келесі шаралар ұсынылады:
Сондай-ақ заң жобасында мемлекеттік қолдау көрсетілетін өнеркәсіптік кластерлер тетігін енгізу қарастырылған. Осыған байланысты «аумақтық кластер» ұғымын «өнеркәсіптік кластер» ұғымымен алмастыру ұсынылады. Бұл еліміздің әртүрлі өңірлерінде орналасқан кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияны нығайтып, ішкі өндірістегі қосылған құн үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен іске асырылатын жобаларда отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарды пайдалану талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссиялар құру ұсынылады. Аталған комиссияларды құру жөніндегі өкілеттіктерді мәслихаттарға беру көзделіп отыр.
Заң жобасындағы маңызды бағыттардың бірі – ел ішіндегі өндірістік құндылықты арттыру және өндірісті терең оқшаулауға бағытталған қарсы міндеттемелер тетігін енгізу. Бұл шаралар отандық өндірушілерді қолдауға, сонымен қатар қосылған құны жоғары өнім өндірісін ынталандыруға мүмкіндік береді.
Бұған қоса құжат қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, өңдеу және өткізу саласындағы қызметті реттеп, осы бағытта жұмыс істейтін заңды тұлғалардың міндеттерін айқындайды.
Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы қарастыруды қажет етпейді.
Суреттер: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі баспасөз-қызметі