
Өскемен қаласындағы Б.Александров атындағы Спорт сарайында 2026 жылғы 20 мамырда «Энергия үнемдеудегі генеративті ЖИ: теориядан саланың цифрлық трансформациясына дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ ұйымдастырды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырудағы басты мақсат – өндіріс пен энергетикада жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың жаңа жолдарын талқылау және интеллектуалды жүйелер арқылы саланы цифрлық форматқа көшіру мүмкіндіктерін қарастыру.
Іс-шараға халықаралық және отандық компаниялардың, өндіріс орындарының өкілдері, сондай-ақ цифрландыру, өнеркәсіпті автоматтандыру және энергия үнемдеу саласының сарапшылары қатысты.
Басқосуда келесі мәселелер талқыланды:
– Өндіріс орындарында генеративті ЖИ, цифрлықсыңарларды (digital twins) және деректерді талдау жүйелерін іс жүзінде қолдану тәжірибесі.
– Тау-кен металлургия кешені мен өнеркәсіп секторында энергия тиімділігін арттыру, жұмыс үдерістерін оңтайландыру.
– Кәсіпорындардың жұмысын жақсарту үшін цифрлық платформаларды пайдалану және тұрақты даму тәжірибесімен алмасу.
Өткізілген дөңгелек үстел Қазақстан экономикасын цифрландыру мен технологиялық тұрғыдан жаңғырту мәселелері бойынша бизнес, сарапшылар қауымдастығы мен өндіріс секторы өкілдері арасындағы тиімді әрі ашық пікірталас алаңына айналды.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар өнеркәсіп саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамытудың өзектілігін, сондай-ақ Қазақстанда заманауи технологиялық шешімдерді іске асыру үшін бизнес, сарапшылар қауымдастығы және мемлекеттік ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын растады.