Рахымжан Исақұлов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті әрі өңірдегі өнеркәсіп орындарын аралады

Рахымжан Исақұлов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті әрі өңірдегі өнеркәсіп орындарын аралады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұловтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында 2026 жылғы 15 мамырда өңір тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуге кәсіпкерлер, өңір тұрғындары, өнеркәсіп орындары мен қоғамдастықтар өкілдері қатысты. Ашық диалог барысында отандық өндірісті дамыту және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері көтерілді.

Вице-министр мемлекеттік органдардың халық және бизнес-қоғамдастықпен тұрақты өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар жан-жақты қаралатынын жеткізді. Бірқатар көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Сондай-ақ вице-министр жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады: «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, TRIBO ЖШС және AVAGRO ЖШС.

Кәсіпорындарды аралау барысында вице-министр өндірістік үдерістермен, кәсіпорындардың қазіргі жобаларымен және оларды одан әрі дамыту перспективаларымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді одан әрі пысықтау және өңір кәсіпорындары және тұрғындарымен өзара іс-қимылды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.