Ерсайын Нағаспаев "AMANAT" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн қабылдады

Ерсайын Нағаспаев "AMANAT" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн қабылдады

📌Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев "AMANAT" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы арқылы тіркелген азаматтармен онлайн форматта кездесті.

💬Қабылдау барысында жер қойнауын пайдалану, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер қаралды.

Барлық өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті түсініктемелер, сондай-ақ министрліктің тиісті бөлімшелеріне тапсырмалар берілді.