Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында құрылыс саласындағы сараптама ұйымдарының қызметіне, тұрғын үй объектілерін пайдалануға беру кезінде талаптардың сақталуына, сондай-ақ аяқталған құрылыстың сапасына және тұрғын үй кешендерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сұрақтар көтерілді.

Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үй және жер учаскелеріне кезекке қою және кезектілікті ілгерілету мәселелеріне байланысты өтініштер қаралды.

Жеке өтініштер архитектуралық-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметіне және берілген нұсқамалардың заңдылығына қатысты болды.

Көтерілген барлық мәселелер бойынша өтініш иелеріне тиісті түсіндіру жұмыстары
жүргізілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі халықпен жүйелі әрі ашық жұмысты жалғастырып, шешімдердің ашықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде жеке қабылдаулар өткізуді жалғастырады.