
«Мемсараптама» РМК Шымкент қаласындағы қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 400 орындық оқу корпусы мен №2 жатақханасын салу жобасына оң қорытынды берді.
Жобаға сәйкес заманауи үш қабатты оқу корпусы салынады. Бірінші қабатта спорт залы, фойе және спортшыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері орналасады.
Екінші қабатта тренажер залы, құрал-жабдық сақтау бөлмесі, жаттықтырушылар мен нұсқаушылар бөлмелері, душ және санитарлық тораптар қарастырылған.
Дене шынықтыру-спорт аймағында футбол алаңы, 100 метрлік жүгіру жолы, баскетбол мен волейболға арналған аралас алаң, бастапқы әскери дайындық алаңы (саптық плац), воркаут-аймақ және ұзындыққа секіру секторын салу жоспарланған.
Оқу-тәжірибелік аймақта егістік және көкөніс дақылдарына арналған учаскелер, жеміс бағы мен көшет питомнигі, гүлді-декоративтік өсімдіктер және селекциялық жұмыстар жүргізу аймақтары қарастырылған.
Сонымен қатар жылыжай мен көшетхана алаңдары, географиялық алаң және биология сабақтарына арналған аймақтар жобаланған.
Жобаның тапсырыс берушісі — «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» ММ, бас жобалаушы — «Redline Pro» ЖШС.