
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Отанды қорғау әрбір азаматтың конституциялық борышы екенін, ал елге қызмет ету әрқашан жауапкершіліктің, батылдықтың және өз ісіне адалдықтың символы болып қала беретінін атап өтті.
Министр ведомство қызметкерлерін мерекемен құттықтай келіп, оларға еліміздің дамуына үлкен жауапкершілікпен, тыңғылықты істерімен зор үлес қосып келе жатқандары үшін шынайы ризашылығын жеткізді.
Құттықтау сөзінің соңында Ерсайын Нағаспаев баршаға, ардагерлерге, әскери борышын өтеген азаматтарға және бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері сапында қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер мен сарбаздарға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір және еңбекте табыс тілеп, ыстық ықыласпен алғысын білдірді.