
Бүгін «Отбасы банк» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновтің төрағалығымен мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Кеңеске «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай, банктің басқарушы директоры Азат Әшімов, Астана қаласы әкімдігі «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысының орынбасары Бейсен Үсенов, сондай-ақ «RUKHTYLAR», «Не молчи сирота», «Ана рухы», «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорларының және «Қызмет» салалық кәсіподағының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғын үй заңнамасының өзекті мәселелері мен жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тәсілдері, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралды.
Қатысушылар қолданыстағы түйткілді аспектілерді талқылап, өз пікірлерімен алмасып, бірқатар ұсынымдар енгізді.
Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар тұрғын үй саясатын жетілдіру жөніндегі алдағы жұмыстар аясында қаралатын болады.