
Су бұру жүйесі – тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі. Ол халықтың санитарлық қауіпсіздігін, экологиялық тұрақтылықты және өмір сүру сапасын қамтамасыз етеді. Қалалардың қарқынды өсуі мен коммуналдық секторды жаңғырту жағдайында сарқынды суларды тиімді бұру және тазарту мәселелері стратегиялық маңызға ие.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, су бұру – бұл сарқынды суларды жинау, шығару және тазартуға бағытталған өзара байланысты технологиялық үдерістер кешені.
Су бұру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі мыналарды қамтамасыз етеді:
Кәріз жүйелерінің жұмысындағы ақаулар әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер етіп, төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қазіргі таңда бірқатар өңірлерде желілердің тозуы, тазарту құрылыстарының қуатының жеткіліксіздігі және автоматтандыру деңгейінің төмендігі сияқты мәселелер бар.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жоба аясында келесі шаралар көзделген:
Жалпы ұзындығы шамамен 2,8 мың шақырым су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда. Бұл сала бойынша ұсынылатын қызметтердің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.