Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады

Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ел азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында  тұрғын үй кешендері аумағында әлеуметтік нысандар салуға; ірі панельді үйлердегі пәтерлерді бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) сәйкес қайта жоспарлауға; жоғары кернеулі электр желісін жүргізуге; МИБ және ПИК қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.

Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тиісті құрылымдарына тапсырмалар берді.