«Мемсараптама» РМК AstanaBuild 2026 пленарлық сессиясына қатысты

«Мемсараптама» РМК AstanaBuild 2026 пленарлық сессиясына қатысты

«Мемсараптама» РМК AstanaBuild 2026 халықаралық көрмесінің «Құрылыс кодексі және саланы цифрландыру: Қазақстандағы құрылыс саласын басқару, жаңа ережелер мен технологиялар» тақырыбындағы пленарлық сессиясына қатысты.

Іс-шара EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп, құрылыс саласының негізгі ұйымдарының өкілдерін, оның ішінде Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, Қазақстан жобалаушылар ұлттық қауымдастығын, Қазақстан құрылысшылар одағын, Астана қаласының Урбанистика орталығын, Astana IT University, сондай-ақ PlanRadar халықаралық компаниясын біріктірді.

Пленарлық сессияның модераторы «Мемсараптама» РМК бас директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары Саламат Серікқалиев болды. Сессия барысында қатысушылар құрылыс саласындағы соңғы өзгерістерді, сондай-ақ BIM-технологияларды енгізу және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қоса алғанда, саланы цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады.

Сессия барысында «Мемсараптама» РМК өкілдері Абай Арман мен Кашкимбаев Сакен сметалық құжаттаманың машинамен оқылатын форматтарын енгізу, сондай-ақ Qportal бірыңғай құрылыс порталын іске қосу және BIM-жобаларды сараптамаға ұсыну туралы баяндады.

Пленарлық сессия ашық пікірталаспен аяқталып, оның барысында қатысушылар құрылыс саласын жүйелі басқаруға көшу мен одан әрі цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп, заманауи технологияларды енгізудің практикалық аспектілерін талқылап, аудитория сұрақтарына жауап берді.