Құрылыстағы цифрлық трансформация: сарапшылар жасанды интеллекттің еліміздегі рөлі мен BIM-ді қолдану ісін талқылады

Құрылыстағы цифрлық трансформация: сарапшылар жасанды интеллекттің еліміздегі рөлі мен BIM-ді қолдану ісін талқылады

Ғылым апталығы аясында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында (ҚазБСҚА) «Сәулет-құрылыс саласының цифрлық трансформациясы және жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жобалау ұйымдарының өкілдері, академиялық қауымдастық және студенттер қатысты.

Іс-шара аясында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ғылым және құрылыс саласын цифрландыру орталығының директоры, buildingSMART Kazakhstan өкілдігі төрағасының орынбасары Зарина Қабжан «Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы: сала деректерін басқарудың негізі ретінде Қазақстан Республикасында BIM-ді міндетті түрде қолдану» тақырыбында баяндама жасады.

Спикер өз сөзінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның құрылыс саласын цифрландыруды дамыту бағытындағы басым қызметтерін атап өтті. Атап айтқанда, деректерді басқару тәсілдерін қалыптастыру, нормативтік базаны жетілдіру және құрылыс нысандарын ақпараттық модельдеу технологияларын (ҚНАМТ) енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында BIM-ді міндетті түрде қолдануға кезең-кезеңімен көшу, сондай-ақ өзара үйлесімділікті қамтамасыз ету және саланың бірыңғай цифрлық экожүйесін дамыту үшін openBIM тәсілдерінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыс саласының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған озық цифрлық мүмкіндіктерді енгізу және нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғастыруда.