
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Беларусь Республикасының делегациясымен кездесу өткізді. Делегацияны Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрінің бірінші орынбасары Владимир Наумович пен Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов басқарды.
Кездесу барысында тараптар құрылыс саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, бірлескен жобаларды іске асыруды, соның ішінде Астанадағы «Беларусь кварталы» жобасын талқылады. Сондай-ақ қала құрылысы, цифрландыру және заманауи құрылыс стандарттарын қолдану салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, «АралСода» ЖШС (Санжар Оспанқұлов) мен «Гомельстекло» ААҚ (Анатолий Насеня) арасында кальцийлендірілген сода жеткізу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы келісімге қол қойылғаны атап өтілді.
Тараптар жобалау мен сараптама жүргізу, сондай-ақ құрылыс саласына заманауи тәсілдер мен стандарттарды енгізу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша құрылыс және оған іргелес салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік расталды.