
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ведомство қызметкерлерімен бірге Астанадағы Ботаникалық бақ аумағында өткен сенбілікке қатысты.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған бұл экологиялық акция қоршаған ортаға ұқыпты әрі жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында көрсетілген аумақты тазалаумен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілді.