Қазақстан мен Өзбекстанның энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру бойынша ынтымақтастығы нығая түсуде

Қазақстан мен Өзбекстанның энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру бойынша ынтымақтастығы нығая түсуде

Қазақстан Республикасы «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты ұйым – EEDI) басқарма төрағасы Елдос Абақанов пен Өзбекстанның Энергия тиімділігі жөніндегі ұлттық агенттіктің директоры Зиевиддин Бадриддинов RES2026 Өңірлік экологиялық саммиті аясында кездесіп, стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ мен Өзбекстанның Энергия тиімділігі жөніндегі ұлттық агенттігі өкілдері қазақ-өзбек ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады. Олардың қатарында тәжірибе алмасу, институционалдық өзара іс-қимылды дамыту және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды іске асыруға арналған ортақ тәсілдерді қалыптастыру бар.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді әрі жүйелі қазақ-өзбек ынтымақтастығын одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.