Геология комитетінде ашық есік күні өтті

Геология комитетінде ашық есік күні өтті

Астанада оқушылар үшін Қаныш Сәтбаевтың туған күні мен Геологтар күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараны Геология комитеті өткізді.

Бағдарлама аясында оқушылар алдымен Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне барып, оның рухына тағзым етті.

Одан кейін олар минералогия мұражайына барды. Мұнда 2300-ден астам экспонат қойылған: минералдар, асыл тастар және палеонтологиялық олжалар, соның ішінде мамонт пен динозавр қалдықтары бар.

Мұражай 2010 жылдан бері жұмыс істейді және өңірдегі ірі жеке коллекциялардың бірі саналады.

Одан кейін оқушылар Геология комитетіне барып, ведомство басшылығымен кездесті. Комитет төрағасының м.а. Қанат Ерубаев ведомствоның жұмысы, саланың міндеттері және геолог мамандығы туралы айтып берді.

Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, геология саласы жөнінде жалпы ақпарат алды. Іс-шара соңында оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.