
Қазақстанда барит кендері мен техногендік қалдықтарды кешенді өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді. Бұл технология құнды компоненттерді алу деңгейін арттыруға және экологиялық жүктемені төмендетуге бағытталған.
Жоба Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті қаржыландыратын минералдық және техногендік шикізатты өндіру мен кешенді өңдеудің инновациялық, ресурсты үнемдейтін технологияларын құруға арналған ғылыми-техникалық бағдарлама аясында жүзеге асырылды.
Мәселе. Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында құрамында 57–60%-ға дейін барий сульфаты бар барит кендерін байыту қалдықтарының едәуір көлемі жинақталған. Жоғары ресурстық әлеуетіне қарамастан, бұл материалдар қазіргі уақытта іс жүзінде өңдеуге тартылмаған. Қолданылып жүрген гравитациялық әдістер баритті 70–75% деңгейінде ғана бөліп алуды қамтамасыз етеді, алайда кондициялық концентрат алуға мүмкіндік бермейді. Бұл технологиялық тұрғыдан толық алынбауын көрсетіп, қалдықтарды өнеркәсіптік пайдалануды шектейді.
Шешім. Зерттеу барысында қалдықтардың заттық құрамына кешенді талдау жүргізілді, оған минералогиялық, гранулометриялық және физика-механикалық сипаттамалар енгізілді. Барий сульфатының ірілік кластары бойынша таралу заңдылықтары анықталып, оны тиімді бөліп алуға әсер ететін факторлар белгіленді.
Ғылыми негізде гравитациялық-флотациялық біріктірілген байыту сызбасы әзірленді. Бұл әдіс Жамбыл облысындағы Чиганак кен орнының барит кендерін гравитациялық байыту қалдықтарынан баритті қосымша бөліп алуды қамтамасыз етеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында:
Нәтиже. Сынақ нәтижелері бойынша қалдықтардан құрамында барий сульфаты 95,47%-ға дейін жететін, ГОСТ 4682-84 талаптарына сәйкес келетін және мұнай-газ өнеркәсібінде қолдануға жарамды барит концентраты алынды.
Әзірленген технология:
Осылайша, зерттеу нәтижелері өнеркәсіпте енгізу үшін жоғары әлеуетке ие және Қазақстан Республикасында минералдық шикізатты өңдеудің ресурсты үнемдейтін әрі экологиялық бағытталған технологияларын дамытуға елеулі үлес қосады.