
Кәсіби мереке Коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлері арасында футбол турнирі өтті.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға, сондай-ақ өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы салаішілік өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды. Турнир сонымен қатар бейресми қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға арналған алаңға айналды.
Жарысқа 16 команда қатысты, жалпы қатысушылар саны шамамен 200 адамды құрады. Турнирге Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов, Комитет төрағасы, облыс әкімдерінің орынбасарлары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшылары, сондай-ақ әкімдіктердің өкілдері қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
Командалық нәтижелер:
Жеке номинациялар:
Өткізілген турнир салалық қызметкерлер арасындағы командалық рухты нығайтудың жарқын үлгісі болды. Мұндай бастамалар салауатты өмір салтын насихаттауға, өңірлер арасындағы кәсіби байланысты күшейтуге және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бірыңғай салалық қауымдастық қалыптастыруға ықпал етеді.
Турнир қатысушылардың жоғары деңгейдегі белсенділігін көрсетті және мұндай іс-шаралардың корпоративтік мәдениетті нығайту мен кәсіби қауымдастықты дамытудағы маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.