Қуаныш Қажкенов азаматтарды құрылыс және ТКШ мәселелері бойынша қабылдады

Қуаныш Қажкенов азаматтарды құрылыс және ТКШ мәселелері бойынша қабылдады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралды.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде білім беру нысандарын салу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес кейбір санаттағы азаматтар үшін жеке қабылдауға жазылудың негізгі тәртібін қарастыру туралы ұсыныс білдірді.

Бұдан бөлек, үлестік құрылысқа қатысушылар өкілдерінен өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты ұжымдық өтініш түсті.

Барлық түскен өтініштерге баса назар аударылып, олардың әрбірі мұқият қаралатын болды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтармен ашық диалогты қамтамасыз ету және халық өтініштерін қарау тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Азаматтарды тұрақты түрде қабылдау министрліктің халықпен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жүйелі тәсілдерінің бірі саналады. Бұл туындаған мәселелерге байланысты жедел әрекет етуге және азаматтардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.