Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет

Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет

 

Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамтамасыз ету - су ресурстарын басқару тиімділігін арттырудың және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың негізі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда және ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Жүйенің барлық кезеңдерінде есепке алу құралдарын енгізу су беру мен тұтыну көлемдерін нақты бақылауды қамтамасыз етуге, ағып кетулерді уақтылы анықтауға, шығындарды азайтуға және есеп айырысудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Есептеу құралдарымен жарақтандыру, сондай-ақ саланы цифрландырудың және заманауи шешімдерді енгізудің негізі саналады.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында көзделген:

 • 2025–2029 жылдары коммуналдық инфрақұрылымды 100% есепке алу және автоматтандыруды кезең-кезеңімен қамтамасыз ету;

 • 2030 жылға қарай желілердің тозу деңгейін төмендету:

– сумен жабдықтау — 30%-ға дейін;

– су бұру — 41%-ға дейін;

 • 1,9 трлн теңге — жоспарланған инвестициялар көлемі;

 • 5 мың км — су құбыры желілерін жаңғырту;

 • 2,8 мың км — кәріз желілерін жаңғырту.

 

 Есептегіш құралдар — сумен тиімді, ашық және тұрақты жабдықтаудың негізі.