
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін (бұдан кейін – тізілім) қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді.
Бүгінде тізілімнің ақпараттық жүйесіне (e-ondiris.gov.kz) 26 257 өтінім жолданып, оның 22 мыңнан астамы қаралды. Бұл жалпы өтінімдердің 80%-дан астамын құрайды.
Соның нәтижесінде өндірістік қызметі сараптамадан өткен отандық өндірушілердің ауқымды базасы қалыптасты. Қазіргі таңда аталған базаға 5 834 өндіруші енгізілді. Оның ішінде:
Жалпы айтқанда, 40 мыңнан астам тауар қазақстандық өнім ретінде танылды.
Отандық өнімді сатып алуға басымдық беру үшін тізілім негізгі сатып алу платформаларымен (ЭГЗ, Samruk Store, Omarket, Mitwork) өзара үйлестірілді. Мәселен, жыл басынан бері «Электрондық мемлекеттік сатып алу» порталында шамамен 24 762 сатып алу, «Самұрық-Қазына» порталында 2 646 сатып алу өткізілді.
Сондай-ақ өндірістік қызметті бағалау нәтижесінде 1 053 компанияның өтінімі кері қайтарылды. Бас тартудың негізгі себептері төмендегідей:
Тізілімді одан әрі жетілдіру және ұсынылатын мәліметтердің шынайылығын арттыру жұмыстары жалғасуда.