
Цифрландыру Қазақстанның геологиялық саласының дамуы үшін басты факторға айналып отыр. Аталған фактор мемлекеттік органдар, бизнес және ғылым салалары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін, ашықтықты және инвестициялық тартымдылықты арттырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.
Бүгінге дейін елімізде бастапқы геологиялық ақпаратты сканерлеу деңгейі 97,5%-ға жетті. Цифрлық форматқа шамамен 4,7 миллион дерек бірлігі ауыстырылды, соның ішінде 4,2 миллионнан астам қағаз құжат, 250 мыңнан астам графикалық материал және архивтік магниттік тасымалдаушылар бар. Тиісті жұмыстарды 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарлануда.
«Құжатты жай ғана сканерлеу жеткіліксіз, бұл – жұмыстың тек 5 пайызы ғана. Біздің мақсатымыз – жасанды интелекттің деректердің түрлі дәуірлер арасындағы байланыстарын түсінуі үшін бірыңғай семантикалық кеңістік түзу», – деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.