Қазақстан халықаралық экономикалық сессияға қатысты

Қазақстан халықаралық экономикалық сессияға қатысты

 

Мәскеуде ТМД мемлекеттері қатысатын Халықаралық экономикалық форум аясында құрылыс саласын дамыту және интеграциялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған Халықаралық экономикалық сессия өтті. Форум қатысушыларына кіріспе сөз сөйлеген Ресей Федерациясы Үкіметінің орынбасары Марат Хуснуллин форумның экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін маңызды алаң екенін атап өтті.

Сессияда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков таныстырды. Өз баяндамасында ол құрылыс саласы ел экономикасының негізгі драйверлерінің бірі екенін және халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. 2025 жылғы қорытынды бойынша Қазақстанда құрылыс көлемінің тұрақты өсуі, салаға инвестициялардың артуы және тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларының артық орындалуы тіркелді.

Арнайы назар цифрлық шешімдерді енгізуге, құрылыс саласында бірегей цифрлық экожүйені қалыптастыруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, соның ішінде жаңа Құрылыс кодексіне, сондай-ақ құрылыс процестерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға аударылды. Сонымен қатар, басым бағыттар ретінде қалалық инфрақұрылымды модернизациялау, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру көрсетілді.

Сессия қатысушылары ТМД елдерінің күш-жігерін біріктіріп, құрылыс саласын дамытуға, тәжірибе алмасуға және интеграциялық бастамаларды жүзеге асыруға бірлескен тәсілдер әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бакытжан Жүнісбеков интеграциялық процестерді дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «ТМД-ның 35 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.