Елордада Геологтар күніне орай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті

Елордада Геологтар күніне орай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті

Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында Геологтар күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында елдің геология саласын дамытуға және минералдық-шикізаттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосқан үздік мамандарға құрмет көрсетілді.

Үздік кәсіби мамандары "Еңбек сіңірген геолог" құрметті атақтарына ие болды, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрінің құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар отандастарымызға геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу қызметі және ресурстық базаны дамыту бойынша жоғары жетістіктері үшін табысталды.

Салтанатты рәсім Қазақстан экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін аса маңызды саналатын геологтардың еңбегін мойындаудың жарқын көрінісі болды.