Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумы аясында бірқатар кездесулер өткізді

Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумы аясында бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында Британиялық геологиялық қызмет, Корей геоғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM), сондай-ақ "Росгеолфонд" ФМБМ, Boston Consulting Group халықаралық консалтингтік компаниясының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында геологиялық барлау, геологиялық деректермен алмасу, заманауи цифрлық шешімдер мен озық технологияларды енгізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ісіндегі өзара ынтымақтастықты дамыту және маман даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу тиімділігін арттыруға және минералдық-шикізат базасын игеруге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты.