
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – өнеркәсіп және сауда министрі Олег Коробченкомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар жұмыстың ағымдағы бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарларды қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға және белгіленген бастамаларды іске асыруға дайын екендері расталды.