
2026 жылғы 2–3 сәуір күндері Астана қаласында Орталық Азия елдерінің үкіметтері, мемлекеттік органдар, ұлттық геологиялық қызметтер және жетекші бизнес компанияларын біріктіретін GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA халықаралық геологиялық форумы өтеді.
Форум қатысушылары геологиялық ресурстарды зерттеу, болжау және игеру саласындағы стратегиялық мәселелерді талқылайды. Сала көшбасшылары мен шешім қабылдайтын тұлғалар геология саласының стратегиялық дамуы, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа үлгілері, сондай-ақ жер қойнауын тұрақты пайдалану және ұзақ мерзімді инвестициялар мәселелерін қарастырады.
Форум геотехнологиялар, жер қойнауын пайдалануды цифрландыру және ESG бағыттарындағы озық шешімдерді таныстыруға, сондай-ақ салалық әріптестікті дамытуға мүдделі компаниялар мен сарапшылар үшін бірегей алаң ұсынады. Қатысушылар мемлекеттік құрылымдармен, инвесторлармен және сала көшбасшыларымен тікелей байланыс орнатып, стратегиялық талқылауларға қатысып, халықаралық меморандумдарға қол қою мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, форум жаңа нарықтарға шығуға және геологиялық нарықтың болашағы қалыптасып жатқан өңірдегі позицияны нығайтуға тиімді мүмкіндік береді.
Іскерлік бағдарламаның негізгі оқиғасы — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қатысатын «Орталық Азия геологиясы: мүмкіндіктер аумағы. XXI ғасырдың сын-қатерлері мен перспективалары» атты пленарлық отырыс болады.
Аталған сессия 3 сәуір күні Астанада, SATPAYEV залында (1-қабат) өтеді және геология саласындағы стратегиялық шешімдер қабылдау мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған негізгі алаңға айналады.
Форум бағдарламасына екі күндік тақырыптық сессиялар, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өтетін пленарлық пікірталастар, озық технологиялар көрмесі, инновациялық жобалардың таныстырылымы, сондай-ақ жас мамандарды қолдауға бағытталған арнайы сессиялар кіреді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті және «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ ұйымдастырады.
GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA — ғылым, бизнес және мемлекетті тоғыстыратын, геологиялық нарықтың даму стратегиялары мен мүмкіндіктерін айқындайтын маңызды диалог алаңы.
Толығырақ ақпарат және тіркелу:
geca-forum.asia
Байланыс: +7 702 367 79 76
Әсем Қонысбектегі, баспасөз хатшысы