Жантөре Әбішевтің 90 жылдығына орай "Әбішев оқулары – 2026" V Халықаралық конференциясы өтті

Жантөре Әбішевтің 90 жылдығына орай "Әбішев оқулары – 2026" V Халықаралық конференциясы өтті

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен "Әбішев оқулары-2026: Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенінде заманауи ғылымды, цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен өнеркәсіптік өндірісті интеграциялау" атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция көрнекті ғалым, академик, Қазақстан Республикасының Минералдық  шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының негізін қалаушы және алғашқы басшысы Жантөре Әбішевтің туғанына 90 жыл толуына орай өтті. Іс-шараны "ҚР МШКҚӨ  ҰО" РМК бас директоры Асқар Нұрғалиев ашты. 

Алқалы жиында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың атынан Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми зерттеулерді дамытудың және елдің тау-кен металлургия кешенінің орнықты дамуы үшін инновациялық технологияларды енгізудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Конференция аясында бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды:

  • металлургиядағы инновациялық технологиялар; 
  • материалтану және жаңа функционалдық материалдарды әзірлеу;
  • цифрландыру, жасанды интеллект және тау-кен металлургия кешенінің тұрақты дамуы. 

Іс-шара қорытындысында қызметтің мынадай бағыттары бойынша қарар қабылданды: 

  • минералды шикізатты кешенді өңдеудің ғылыми зерттеулері мен технологияларын дамыту;
  • инновациялық және экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізу; 
  • ғылым, білім және өнеркәсіп кооперациясын күшейту;
  • тау-кен металлургия кешені үшін білікті мамандар даярлау.

Жалпы, аталған ғылыми-практикалық конференцияда дәстүрлі түрде және онлайн форматта 100-ден астам ғылыми баяндама ұсынылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, бизнестің, салалық қауымдастықтардың, жоғары оқу орындарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.