
Цифрлық бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ЕТЖЖ) халық пен бизнестің қала құрылысы жобаларына ашық қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде (МҚҚК ААЖ) орталықтандырылған түрде шоғырландырылады.
Цифрлық бас жоспарлар мен ЕТЖЖ-ның бірыңғай құрылымдық базасы мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік органдардың функцияларын іске асыру кезінде бекітілген қала құрылысы регламенттерінің деректерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар нормативтік талаптарға («Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығы) сәйкес ішінара цифрлық пысықтауды қажет ететін 89 бас жоспар мен 647 ЕТЖЖ ұсынды.
Биылғы қаңтар айында қабылданған негізгі салалық құжат – Құрылыс кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға осы жылдың маусым айына дейін бас жоспарлар мен ЕТЖЖ-ны нормативтік талаптарға сәйкестендіру тапсырылды.
Қала құрылысы жобаларын цифрландыру көрсетілетін қызметтердің және жалпы қала құрылысы қызметінің ашықтығын, сондай-ақ оларды әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз етеді.