
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде өнеркәсіпті цифрлық тұрғыда трансформациялау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірлесіп, 2026 жылғы 1 сәуірде «Өнеркәсіптегі жасанды интеллект және цифрлық трансформация: тәжірибе, қателіктер және нәтижелер» тақырыбында стратегиялық сессия өткізеді.
Басталуы – сағат 10:00.
Сессия барысында ERG, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС және Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы сияқты жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері сараптамалық тәжірибесімен бөліседі.
Сессияға қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелуіңізді сұраймыз https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfS8fbfWGUqmgZJPcxUbGMIUfqUg8HknknEx3CG48brofcGfQ/viewform?usp=dialog.
Қосымша ақпарат үшін байланыс: +7 707 819 97 01 A.Akhtanova@qazindustry.gov.kz (Айнұр Ахтанова)