Гидрогеология – тұрақты болашақтың кілті: Астанада су ресурстарын басқару мәселесі талқыланады

Гидрогеология – тұрақты болашақтың кілті: Астанада су ресурстарын басқару мәселесі талқыланады

3 сәуір күні Астанада GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA 2026 форумы аясында «Су ресурстарын тұрақты басқарудағы гидрогеологияның рөлі» атты панельдік сессия өтеді.

Сессия 09:00–10:30 аралығында пленарлық залда ұйымдастырылады.
Талқылаудың негізгі өзегі – Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі, ресурстарды тиімді басқарудың заманауи тәсілдері және өңірлік ынтымақтастық.

Расталған спикерлер:
— Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі;
— Малис Абсаметов, У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институтының директоры;
— Дулат Калитов, Satbayev University жанындағы қолданбалы гидрогеология ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.

Сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуы күтілуде.

Модератор – Болат Бекнияз.

Форум 2–3 сәуір күндері Астанада өтеді.

Толық ақпарат және тіркелу: https://geca-forum.asia