
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен өңірлерде цифрландыру бойынша тиісті жұмыстарын жалғастырып келеді. Бұл жолы Ақмола облысының өкілдеріне өнеркәсіпті цифрландыру және өндіріс үдерістеріне жасанды интеллект енгізу тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
«QazIndustry» АҚ цифрлық трансформациялау дирекциясы кәсіпорындар өкілдеріне өндірісті цифрландыру ісіндегі қолдаудың негізгі тетіктерін таныстырды. Оған сараптамалық және талдамалық тұрғыда көмек көрсету, оқыту шараларын ұйымдастыру, пилоттық шешімдерді енгізуге қолдау білдіру және цифрлық фабрикалардың инфрақұрылымын дамыту кіреді.
Сондай-ақ сарапшылар ірі компанияларда жасанды интеллекттің тәжірибелік мүмкіндіктерін енгізу бойынша Жол картасының жүзеге асырылуы туралы айтып өтті.
Айта кетейік, цифрлық құралдары бар қазақстандық кәсіпорындардың үлесі 19%-ға дейін өсті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Онлайн-кездесу аясында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары да сөз болды. Бизнесті ынталандыру дирекциясының сарапшылары кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және тауарларын ішкі нарыққа ілгерлетуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу тетіктерін ұсынды.
Кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша +7 707 819 9701 телефоны немесе A.Akhtanova@qazindustry.gov.kz электрондық мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.