
«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында құрылыс нормаларын сақтау мәселелері, соның ішінде тұрғын үйлердегі дыбыс оқшаулау талаптары жөніндегі өтініштер қаралды.
Сондай-ақ тұрғындар нысанның құрылысына және жоба талаптарының қауіпсіздік және санитариялық нормаларға сәйкес келмеуіне қатысты мәселе көтерді.
Бұдан бөлек, Қосшы қаласындағы сумен жабдықтау, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға арналып салынып жатқан бюджеттік тұрғын үйдің сапасына байланысты өтініштер талқыланды.
Келіп түскен барлық өтініштер мұқият қаралып, оларға қатысты тиісті жұмыстар қолға алынатын болды.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі халықпен жүйелі әрі ашық түрде байланыс орнатып келеді. Бұл ретте азаматтардың өмір сапасын арттыру, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жеке қабылдаулар өткізілуде.