Өнеркәсіп және құрылыс министрі азаматтарды қабылдады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі азаматтарды қабылдады

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесу Азаматтарды қабылдау орталығында дәстүрлі форматта өтті. Сондай-ақ елорда мен еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары онлайн режімде байланысқа шығып, өздерін толғандырған мәселелерін баяндауға мүмкіндік алды.

Қабылдау барысында мынадай мәселелер қозғалды:

  • үлестік құрылыс бойынша проблемалық нысандар;
  • архитектура нормалары мен инфрақұрылымның жүктемесі ескерілместен салу жоспарланып отырған жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы;
  • заңсыз қосымша құрылыс салу және құрылыс нормаларын сақтамау;
  • қолданыстағы заңнама және жаңа Құрылыс кодексі шеңберінде аккредиттелген сараптама ұйымдарының қызметі.

Ерсайын Нағаспаев көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіріп, оларды шешудің ықтимал оңтайлы жолдарын ортаға салды. Сондай-ақ ол  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қозғалған сұрақтарға қатысты тапсырмалар берді.