Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Ислам даму банкімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Ислам даму банкімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде вице-министр Жәннат Дүбірова Ислам даму банкі өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар инфрақұрылым тиімділігін арттыруға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Әсіресе коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды түрде тиісті аспаптармен жабдықтау жобасын қаржыландыруға Ислам даму банкінің қатысу мүмкіндігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Аталған жоба коммуналдық ресурстарды басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында заманауи есептеу құралдарын және цифрлық мүмкіндіктерді енгізуді көздейді.

Банк өкілдері осы жобаны іске асыруды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында аталған жиынның Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жасаған сапары кезінде басталған диалогтың жалғасы екені айтылды. Осы сапар аясында Ислам даму банкі басшылығымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілген.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоба параметрлері мен оны қаржыландыру тетіктерін бірлесіп пысықтау жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.