Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады

Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Азаматтарды қабылдау орталығында жеке мәселелер бойынша офлайн және онлайн форматтарда қоғамдық қабылдау өткізді.

Елорда мен басқа да өңірлердің тұрғындары Ерсайын Нағаспаевқа өз сұрақтарын тікелей қойды. Министр азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, оларды толғандырған мәселелер бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты құрылымдарға тиісті тапсырмалар берді.

Қабылдау барысында мынадай тақырыптар талқыланды: отандық тауар өндірушілер тізілімін енгізу, Қазақстанның жобалау және құрылыс саласын цифрландыру, халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санаты бойынша жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлерді бөлу.